Қымызнай бастауыш мектебінде 15.02.2018 жылы даярлық тобының тәрбиешісі Рыспаева Айдана Қуандыққызы қарапайым математика пәнінен «Бүтін және бөлік» тақырыбында ашық сабақты «саяхат сабағы» түрінде өткізді. Айдана Қуандыққызы сыныпқа кірісімен оқушыларды түгендеп, бүгінгі күнді анықтап, оқушылардың сабаққа назарын аудару, сабақтың тақырыбын ашу мақсатында, тақырыпқа байланысты «Бүтін және бөлік» ойынын ұйымдастырды. Ойын аяқталған соң балаларға бүгінгі сабақтың ерекше өтетінін, яғни саяхат сабағы түрінде өтетінін хабарлап айтты. Саяхатқа аттану мақсатында кітаптағы бірінші тапсырманы орындап, саяхатты әрі қарай жалғастырып «Ыстық микрофон» ойыны арқылы сұрақ-жауап жүргізілді. Бұл ойында әрбір оқушы өзін тілші ретінде сезініп, белсенді, әрі, қызығушылықпен қатысты. Оқушылар одан әрі тапсырмаларды орындады. Мұғалім одан әрі жемістермен практикалық жұмыс өткізді, яғни алманы оушыларға көрсетіп, оның бүтін екенін сұрап-біліп, оны ортасынан екі бөлікке бөлді, әрі қарай осы екі бөлікті тағы кішкентай екі бөлікке бөліп, мұның «ширек» екенін айтып, түсіндірді. Тақырып оқушылардың есінде сақталып қалуы үшін «бүтін», «бөлік», «ширек» деген сөздерді бірнеше рет хормен қайталатып айтқызды. Сабақ ортасында әсем әнмен сергіту сәті орындалды. Мұғалім сабағын қима қағаздармен ойын ойнатып, «бүтін» «бөлік», «ширекті» қағаздардан жасап көрсету арқылы қорытты. Сөйтіп, сабақ өз мәресіне жетті.