"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қымызнай ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Кымызнай отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.11.2017

Қымызынай бастауыш мектебінде қарашаның 26-шы жұлдызында күз мезгілінің айтулы мерекесі «Алтын күз» кеші өтті. Кеш 15:00-де басталып, төрт сағатқа созылды. Зал мерекелік кешке сай күзгі бұтақтармен, жапырақтармен, шарлармен сәнделіп, көз тоярлықтай болды. Мерекелік кешке сынып оқушылары, ата-аналар, қонақтар қатысты. Іс- шараға жауапты бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдинова Гүлзат Аулебайқызы болды. Жүргізуші кешті бастап,әрі қарай оқушылар тақпақтарын,әндерін айтып, бар өнерлерін ортаға салды. Қыздар кешке әсем көйлектерін киіп, ұлдармен күзгі бал кешінің дәстүріне айналған «Вальс» биін орындады. Барлық сынып оқушылары қосылып флешмоб биледі. 2-сынып оқушысы Еркенова Бақытгүл күз ханшайымының рөлін сомдап, келген қонақтарға жылы сөздер айтып, тілегін білдірді. Даярлық сынып оқушылары саңырауқұлақтар болып киінді. Өздерінің күз ханшайымына дайындаған өлеңдері мен әндерін шырқап, ортада би биледі. Мерекелік кеш әрі қарай «Үнді махаббаты» атты тамашамен жалғасты. Барша жұрт жақсы көңіл- күймен мерекені тамашалады. Мектептің жеті қырлы, бір сырлы оқушылары  Отанымыздың эстрада жұлдыздары мен шет елдердің әншілеріне пародия жасады.  Тек қана оқушылар ғана емес, ата-аналар да ат салысып, үй тапсырмасына берілген «Күзгі дастархан» атты сайысқа белсене қатысып,  әр сынып жүлделі орындарға ие болды. Сайыста І орынға ие болған 1-сынып, ІІ орын даярлық тобы, ІІІ орын 4-сынып, 2-3 сыныптар белсене қатысқаны үшін  мадақтама қағазымен марапатталды. Ата-аналармен ойындар ойнатылып, мерекелік кешіміз көңілді әрі тартымды өтті.Кеш соңында оқушылармен лоторея ойнатылды.  Концерт аяқталған соң дастархан ұйымдастырылып, бір сағат көлемінде би кеші орын алды.

Просмотров: 583


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст