"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қымызнай ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Кымызнай отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.11.2017

Қымызнай бастауыш мектебінде ұстаздар мерекесі қарсаңында «Ұстаз – мектеп жүрегі» атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік іс-шараның арнайы қонағы мектептің ардагер мұғалімі Абишева Мамила Кизатовна болды. Оқушылар мұалімдерді құттықтауға бар өнерлерін салып, қатысты. Ұстаздармен іс-шара барысында түрлі қызықты ойындар ойнатылып, әндер айтылып, би биленді. Ардагер ұстазға өзінің еңбек жолы туралы бірнеше сауалнамалар қойылып, жауап алынды, содан соң Мамила Қизатқызы мектеп ұстаздарын мерекемен құттықтап, осындай қиын жолда төзімділік, шығармашылық тілеп, игі тілектерін білдірді. Әрбір оқушы мұғалімдерге ашықхат дайындап ұстаздарына арнап шығарған өлең шумақтарын жарыса оқыды. Ата-аналар іс-шараға белсенді қатысып, ұстаздарға алғыстарын

білдірді. Іс-шара өз көздеген мақсатына жетіп, көрермендер де, ұстаздар да, ата-аналар да көңілді қайтты.

Просмотров: 604


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст