Қымызынай бастауыш мектебінде 1-қыркүйек Білім күніне орай, қыркүйек айының 2 –ші жұлдызында «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті. Жиын Қазақстан республикасының Мемлекеттік әнұранымен ашылды. Алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған мектепалды даярлық тобы мен 1-сынып оқушылары қошеметпен ортаға шақырылды. Олар тақпақтарын айтып, әндерін шырқады. Мектеп меңгерушісі Ермекова Айгерім Манапқызы «Жаңа оқу жылын ұйымдастыру туралы », «Мектепке қабылдау туралы» бұйрығын оқып, ата-аналарды және оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Басқа сынып оқушылары тақпақтарын айтып, концерттік номерлерін ортаға салды. Жиын қонағы ардагер ұстаз Абишева Мәмиля Қизатовна сөз сөйлеп, жылы лебізін ортаға білдірді. Бірінші қоңырауды соғу рәсімі 1-сынып оқушысы Ташиков Бахтияр мен 4-сынып оқушысы Еркенов Бақытжанға берілді. Бірінші сынып оқушылары қонақтар қошеметімен сыныптарына өтті. Барлық сыныптарда «Мен өз елімнің патриотымын!» атты сынып сағаттары өткізілді.