Қымызнай бастауыш мектебінде мамырдың жиырма бесінші жұлдызында 2016-2017
оқу жылының аяқталуына байланысты «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты
жиын өтті. Салтанатты жиын сағат11:00 – де басталып, мектеп алаңында өтті.
Қырық минут уақыт көлемінде жүрді. Салтанатты жиынға мектеп оқушылары мен
ата-аналары қатысты. Жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Салтанатты
жиынның жүргізілуі барысында мектеп меңгерушісі
Ермекова Айгерім Манапқызы «Сыныптан
сыныпқа көшу» бұйрығын оқып, құттықтау сөзін сөйледі. Үздік және жақсы оқыған
оқушыларды марапаттады. Оқушылардың ата-аналарына сөз беріліп, оқушылар ізгі тілектерін тақпақ, өлең жолдары арқылы білдірді. Мектеп
бүлдіршіндері салтанатты жиында вальс биін билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Соңғы
қоңырау соғу рәсімі 1-сынып оқушысы Шуақова Еркежанға берілді. Мектеп оқушылары
соңғы қоңыраудың сыңғырлы сазды үнімен оқу жылын тәмамдәді.