22 наурыз күні Қымызнай бастауыш мектебінде 22 наурыз қарсаңында «Ұлыстың ұлы күні-Әз наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Ермекова Айгерим Манаповна, Сатыбалдинова Гульзат Аулебаевна іс-шараны ұйымдастырып, оқушылар толығымен қатысып, бар өнерлерін ортаға салды. концерт 1-сынып қыздарының орындауындағы «Мереке» әнімен ашылып, жүргізушілер құттықтау сөздерін сөйлеп, келген ата-аналар мен қонақтарға «Көрісу» рәсімін ұйымдастырды.. Мектеп оқушылары мерекеге арналған өлең тақпақтарын айтып, 3-сынып оқушысы Тұрсын Нұрдаулет «Наурыз» атты әдеби монтажды орындады. Сонымен қатар 3-сынып ұлдары «Наурыз думан» атты өлеңді шырқап, би биледі. 1-сынып оқушылары «Дастархан» әнін орындап, мереке даярлық тобы, 1-2 сынып ұлдарының «Тұлпарым» атты биімен жалғасты. Қазақтың салт – дәстүрін сахналау мақсатында, 1-сынып қыздары баланы бесікке салу рәсімін көрсетіп, «Әлди-әлди» әнін шырқады. Мереке әрі қарай «Көкжөтел» атты қазақ биімен жалғасын тапты. Ұл балалар «Олимпиада» атты сахналық қойылым көрсетіп, Қыдыр ата балаларға, келген
қонақтарға өзінің батасын берді. Ата-аналар қауымынан құттықтау тілектері айтылып, мерекелік іс-шара өз мақсатына жетті.