8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қымызынай бастауыш мектебінде мерекелік іс- шара өтті. Іс-шара 11:00- де басталып, екі сағатқа созылды. Концерт ІІ бөлімнен тұрды. І бөлім: «Айналайын, Анашым!», болса ІІ бөлім: «Қыз өссе елдің көркі» деп аталды. Мерекелік іс- шараға ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, ауыл тұрғындары қатысты. Оқушылар аналарына, әжелеріне арнап мерекелік концерттік бағдарлама жүргізіп, ән айтып, би билеп, сахналық көріністеп қойды. Сонымен қатар мектеп ұлдары қыздарды құттықтау барысында бар өнерлерін ортаға салды. Аналар, әжелер оқушыларға риза болып, баталарын беріп, тілектерін білдірді. Оқушылар аналарына және қыздарға өздері қолдан жасаған гүл шоғын сыйлады. Мерекелік іс-шараға жауапты мектеп меңгерушісі Ермекова Айгерім Манапқызы болды. Кеш көздеген мақсатына жетіп, сәтті аяқталды.